Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:






 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Статистика және есептер

Сот процестері туралы

«Жайлы Газ» ЖШС

            Агенттік 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 388-НҚ бұйрығымен жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Жайлы Газ» ЖШС-ны 35 % үстем үлеспен Алматы облысы Талдықорған өңірінің географиялық шекараларындағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізді.

Агенттіктің қорытындыларымен келіспеген «Жайлы Газ» ЖШС сотқа жүгінді. Астана қаласы сотының 2009 жылғы 9 сәуірдегі шешімімен «Жайлы Газ» ЖШС-ның өтініш берген талаптары қанағаттандырылды. Алайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен Астана қаласы сотының 2009 жылғы 9 сәуірдегі шешімі күшін жойды және Агенттіктің бұйрығын заңды және негізделген деп тану туралы жаңа шешім шығарды.

            Қазіргі уақытта Астана қаласы сотының шешімі заңды күшіне енгізілді.

 

 

«Энергия Мұнай» ЖШС

            Агенттік 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 388-НҚ бұйрығымен жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Энергия Мұнай» ЖШС-ны 35 % үстем үлеспен Қарағанды облысы Осакаровка ауданының географиялық шекараларындағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізді.

Агенттіктің қорытындыларымен келіспеген «Энергия Мұнай» ЖШС сотқа жүгінді. Астана қаласы сотының 2009 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен «Энергия Мұнай» ЖШС-ның өтініш берген талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Алайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен Астана қаласы сотының 2009 жылғы 17 сәуірдегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

            Қазіргі уақытта Астана қаласы сотының шешімі заңды күшіне енгізілді.

 

«Жолаушылар тасымалдау» АҚ

         Агенттік жүргізген тексеру мен тергеу нәтижесі бойынша Қоғам темір жол билеттерін сату бойынша жеке агенттіктерге қатысты бәсекелестікті шектеген бәсекелестікке қарсы келісім жасау нәтижесінде Қоғам сомасы               233 миллионнан жоғары монополиялық кіріс алды. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою және мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті аудару туралы енгізілген нұсқаманы Қоғам орындамады, осыған байланысты Агенттік нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

         Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 22 маусымдағы шешімімен Агенттіктің бюджетке монополиялық кіріс сомасын аударуға мәжбүрлеу туралы талабы толықтай қанағаттандырылды. Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

         Қазіргі уақытта атқарушы өндіріс аясында бюджетке монополиялық кірістің сомасын аудару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

«Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ

         Агенттік жүргізген тексеру мен тергеу нәтижесі бойынша радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігіне сараптама жүргізу қызметіне монополиялық жоғары баға қолданды. Соның нәтижесінде сомасы 77 миллионнан жоғары монополиялық кіріс алды. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою және мемлекеттің бюджетіне монополиялық кірісті аудару туралы енгізілген нұсқаманы Қоғам орындамады, осыған байланысты Агенттік нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу туралы өтінішпен сотқа өтініш білдірді. Қоғам нұсқамаға келіспей оны сот тәртібінде дауласты.  Астана қаласы сотының 2009 жылғы 2 маусымдағы шешімімен нұсқама заңды деп танылды, сот монополиялық кіріс сомасын азайтты және ол 61 миллионнан астам теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен Астана қаласы сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

         Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 28 маусымдағы шешімімен Агенттіктің бюджетке монополиялық кіріс сомасын аударуға мәжбүрлеу туралы талабы  қанағаттандырылды. Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысымен соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта атқарушы өндіріс аясында бюджетке монополиялық кірістің сомасын аудару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Агенттік жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС үстем үлесі 35%-дан жоғары ШҚО географиялық шекараларында, үстем жиынтық үлесі 50%-дан жоғары Алматы облысы және Астана қаласы Талдықорған өңірінің географиялық шекараларында электр энергиясын көтерме саудада жеткізу бойынша Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Агенттіктің қорытындысына келіспей «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС сотқа жүгінді. Астана қаласы сотының 2006 жылғы 26 маусымдағы шешімімен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның мәлімделген талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі алқасының 2009 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен Астана қаласы сотының 2009 жылғы 26 маусымдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы сотының шешімі заңды күшіне енді.

 

«Согрин ЖЭО» ЖШС

Агенттік жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша «Согрин ЖЭО» ЖШС үстем үлесі 35%-дан жоғары ШҚО географиялық шекараларында электр энергиясын көтерме және бөлшек саудада жеткізу бойынша Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

«Согрин ЖЭО» ЖШС Агенттіктің қорытындыларымен келіспей сотқа жүгінді. Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 маусымдағы шешімімен «Согрин ЖЭО» ЖШС мәлімделген талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі алқасының 2009 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 маусымдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы сотының шешімі заңды күшіне енді.

 

«Өскемен ГЭС» ЖШС

Агенттік жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша үстем үлесі  35%-дан жоғары ШҚО географиялық шекараларында электр энергиясын көтерме саудада жеткізу бойынша Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

«Өскемен ГЭС» ЖШС Агенттіктің қорытындыларымен келіспей сотқа жүгінді. Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 маусымдағы шешімімен «Өскемен ГЭС» ЖШС мәлімделген талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі алқасының 2009 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 маусымдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы сотының шешімі заңды күшіне енді.

 

«Торғай-Петролеум» АҚ

«Торғай-Петролеум» АҚ 50%-дан жоғары үстем жиынтық үлеспен бензинді және дизель отынын өткізу және 35%-дан жоғары үстем үлеспен авиациялық керосинді өткізу – қызметінің түрлері бойынша Қазақстан Республикасының шекараларында Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу заңдылығына шағымданып, Астана қаласының сотына екі мәрте жүгінді.

Екі жағдайда да, Астана қаласы сотының 2009 жылғы 18 маусымдағы шешімімен «Торғай-Петролеум» АҚ мәлімделген талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі алқасының 2009 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен Астана қаласы сотының 2009 жылғы 22 қыркүйектегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы сотының шешімі заңды күшіне енді.