Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?


Логин:


Пароль:


Басты бет » Кадрлық саясат

Мемлекеттік қызметшінің анты

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
әкімшілік қызметшісінің
АНТЫ


«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _______________________________ (Т.А.Ә),

мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық, әділеттілік, әділдік пен адалдық, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін басшылыққа алуға;

- Қазақстан халқына адал және біліктілікпен қызмет етуге, мемлекет мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізуге;

- Республика азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне жол бермеуге салтанатты түрде ант етемін.

Менің осы антымды бұзудың мемлекеттік қызметші абыройлы атағымен сыйыспайтынын ұғынамын».

.doc форматындағы құжатты алу